Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына – 2025/2026 оқу жылының көктемгі семестрі өтінім қабылдау ашылды

2025 ж. 7 қар., жм, 10:31

Adam Mickiewicz University, Познань, Польша

Astana International University 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Бағдарлама Польшадағы Познань қаласында орналасқан Adam Mickiewicz University университетімен әріптестік аясында жүзеге асырылады.

AIU студенттері мен магистранттарына арналған 10 орын бөлінген.
Оқу ақысы тегін, ал өзге шығындар (ұшақ билеті, сақтандыру, виза, тұру және тамақтану) қатысушылар есебінен өтеледі.

 Университет сайты: https://amu.edu.pl/en

Университет рейтингтері:

  • Times Higher Education: #1001–1200
  • QS World University Rankings: #741–750

Бағдарлама туралы:

  • Оқу мерзімі: 2026 жылғы 25 ақпан – 5 шілде
  • Орналасқан жері: Познань, Польша
  • Оқыту тілі: ағылшын

Қатысуға кімдер өтінім бере алады:

  • 1–3 курс бакалавриат студенттері;
  • 1 курс магистранттары.

Негізгі талаптар:

  • GPA орташа балы – кемінде 3.3 (4 балдық жүйе бойынша);
  • ағылшын тілін B2 және одан жоғары деңгейде білу (IELTS немесе TOEFL сертификаттарының болуы құпталады);
  • мотивациялық хат (ағылшын тілінде, ең көп көлемі – 1200 сөз).

Өтінім қабылдау мерзімі:

 2025 жылғы 7–14 қараша аралығы (Астана уақытымен сағат 18:00-ге дейін)

Іріктеу кезеңдері:

  • Сұхбат (2-кезең)2025 жылғы 18 қарашада өтеді (нақты уақыты кейін хабарланады).

Қалай өтінім беру керек:

Төмендегі сілтеме арқылы онлайн өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз:
 Өтінім беру формасы : https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfPSo9OFATr-Wq_kybXEsjCe9eXPB2st1GiDbKJJaiBKwoSuA/viewform?usp=dialog 

Байланыс үшін:

  • Халықаралық бөлім: 109-кабинет – Наушарбан Аяулым
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және академиялық ұтқырлық бөлімі: 221-кабинет – Сапарова Д.Р.

163