2025 жылғы 4 қараша күні Astana
International University Жаратылыстану жоғары мектебі «Жабайы және үй жануарларын
чиптеу қажеттілігі: жабайы табиғатқа қауіп пе, әлде нақты қажеттілік пе?» тақырыбында дебаттар ұйымдастырды.
Іс-шара университеттің акт залында (213 аудитория) өтті.
Студенттер жануарлар дүниесін қорғау,
биологиялық әртүрлілікті сақтау және экологиялық қауіпсіздік саласында заманауи
технологияларды қолдану мәселелерін талқылады.
Дебат барысында қатысушылар
өздерінің логикалық ойлау, шешендік және дәлелдеу дағдыларын жоғары деңгейде
көрсетті.
Шақырылған қонақтар:
·
Федулин Александр Евгеньевич экотуризм саласының маманы, табиғатты қорғау саласында 25 жылдан
астам тәжірибесі бар, соның ішінде Қорғалжын мемлекеттік қорығында қызмет
атқарған. Қазіргі уақытта шетелдік орнитологтар үшін аймақ бойынша экотурларды
ұйымдастырумен айналысады.
·
Каткенов Нурлыбек Дидарович техникалық ғылымдар магистрі, PhD кандидаты (ветеринария
саласында), Nazarbayev University –
National Laboratory Astana ғылыми
қызметкері.
Іс-шара белсенді және шабыттандыратын
атмосферада өтті. Дебаттар табиғатты және жануарлар дүниесін қорғауға бейжай
қарамайтын студенттер мен сарапшыларды біріктірді.
Ұйымдастырушы:
Адамжанова Жанна Арынтаевна, Astana International University
Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.




