АIU-де болашақ информатика мұғалімдерінің сыни ойлауын дамытуға арналған межвузовтық семинар өтті

2025 ж. 6 қар., бс, 10:55

2025 жылдың 5 қарашасында AIU базасында «Болашақ информатика пәні мұғалімдерінің сыни ойлау қабілетін дамытудағы заманауи тәсілдер» атты межвузовтық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар гибридті форматта - офлайн және ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, сондай-ақ халықаралық серіктестер, соның ішінде Columbia University (АҚШ) өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты - болашақ информатика мұғалімдерінің сыни ойлау құзыреттілігін қалыптастыру бойынша тәжірибе және әдістемелермен алмасу, педагог кадрларын даярлауда жасанды интеллект технологиялары мен интеллектуалдық симуляторларды қолдану мүмкіндіктерін талқылау.

Пленарлық отырыс AIU Педагогикалық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Баубекова Замира Джураевна модерациялауымен өтті.

Баяндамашылар:
• Ирина Люблинская, Professor of Mathematics and Education, PhD (Columbia University, АҚШ)  «Жасанды интеллект дәуіріндегі сыни ойлау».
• Баубекова Замира Джураевна, п.ғ.д., AIU Педагогикалық институтының профессоры  «Сыни ойлау ХХІ ғасыр құзыреттілігі ретінде: қалыптастыру тәжірибелері мен сын-тегеуріндер».
• Дамекова Сауле Қайролловна, п.ғ.к., AIU Педагогикалық институтының доценті  «Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлауда сыни ойлау AI-симуляторын интеграциялау».
• Карелхан Нурсауле, PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ информатика кафедрасының аға оқытушысы  «Машиналық оқытуда суперкомпьютерлер мен параллель кластерлерді тиімді қолдану әдістері».
• Мухарский Дмитрий Васильевич, Ш.Уәлиханов атындағы КУ аға оқытушысы «Болашақ мұғалімнің сыни ойлау дағдыларын дамытуға арналған AI-симулятор архитектурасы».
• Бадилов Ерлан Багентаевич, AIU «Информатика» ОП 1-курс магистранты  «Интерактивті білім беру симуляторын құруда агенттік технологияларды қолдану».
• Азаматова Асель Тлеуберліқызы, магистр, «Тұран-Астана» университетінің оқытушысы  «Интеллектуалдық симуляциялық ортада бағалаудың формативтік және суммативтік жүйесін жобалау».

Пленарлық бөлім аяқталған соң жалпы пікірталас өтіп, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинар материалдарының электронды жинағын дайындау және іс-шараның фото-видео шолуын жариялау туралы шешім қабылданды.

AIU болашақ педагогтардың сыни ойлау, цифрлық сауаттылық және заманауи оқыту әдістерін меңгеруіне бағытталған инновациялық білім беру технологияларын дамыту жұмыстарын жалғастыруда.


626