Экономика жоғары мектебі

Экономика жоғары мектебі кадрларды кәсіби даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оқыту процесін ұйымдастыруға тұтас көзқарасты жүзеге асырады. Оқыту алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерді ескере отырып жүргізіледі. Жоғары білікті оқытушылар таңдалған траекторияны ескере отырып, білім алушылардың жан-жақты, терең дайындығын қамтамасыз етеді. Біз болашақ экономистерді, менеджерлерді, қаржыгерлерді, маркетологтарды, компания басшыларын дайындаймыз және мамандарды (бакалавриат-магистратура-докторантура) үш деңгейлі даярлауды жүргіземіз. Біз Қазақстан Республикасында экономиканы тұрақты дамыту мақсатында кәсіпкерлік жаңашылдық қабілеттерін көрсете алатын әлеуметтік кәсіпкерлерді (магистратура) даярлауды жүзеге асырамыз. Біздің мектепте Қытай, АҚШ, Ресей университеттерімен қос диплом бағдарламалары және басқа да бірлескен білім беру жобалары жүзеге асырылуда.


      Егер сізде сапалы білім алуға деген ұмтылыс болса, сіз жаңа биіктерге жетуге дайын болсаныз, өзіңізді жан-жақты дамыған тұлға және сұранысқа ие, жоғары білікті маман ретінде іске асырудың жолын тапқыңыз келcе cіз дұрыс таңдау жасадыңыз! Экономика жоғары мектебінің тиісті материалдық-техникалық базасы, кәсіби кадрлық құрамы, жетекші шетелдік университеттермен іскерлік байланыстары, отандық компаниялармен және холдингтермен, қаржы, консалтингтік, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және талдау орталықтарымен әріптестік қатынастары бар. Біздің университет студенттерінің өмірі елорда жүрегінде жарқын оқиғаларға толы. Экономика жоғары мектебіне қош келдіңіз!

Құрметпен, экономика жоғары мектебінің деканы,
PhD, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Болашақ бағдарламасының түлегі, ҚР ПҒА мүшесі, ҚР HR менеджерлер қауымдастығының мүшесі
Смагулова Зубираш Қалыбекқызы