Прием документов для участия в конкурсе на присуждение государственных образовательных грантов в 2022

2022 ж. 12 шіл., сс, 14:46

✅2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1️⃣3️⃣ шілде күні басталып, 2️⃣0️⃣ шілдеге дейін жалғасатынын хабарлауға асықпыз!


🏢Құжаттарды қабылдау КЕЗ КЕЛГЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ арқылы жүзеге асырылады.

💻Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ.


💡Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:

👆жеке куәлік;

👆ҰБТ сертификаты;

👆3х4 көлеміндегі фото;

👆орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);

👆№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;

👆ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;

👆жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.


📌Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.


👏Дұрыс таңдау жасап, грант иегері атануларыңызды тілейміз!


1022