«Ақпараттық қауіпсіздік мансаптық таңдау ретінде: стратегиялар мен кеңестер» тақырыбында қонақ дәріс

2023 ж. 7 жел., бс, 10:47

2023 жылғы 7 желтоқсанда ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Боранбай Жандоспен «Ақпараттық қауіпсіздік мансаптық таңдау ретінде: стратегиялар мен кеңестер» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Дәрістің мақсатты аудиториясы Ақпараттық технологиялар және Инженерия жоғары мектебінің «6В06102-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6В06102-Ақпараттық жүйелер мен технологиялар», «6В06103-Computer Science», «6B06105-Data Engineering», «6B06107-Data Science»  ББ студенттері болды.

Студенттермен кездесу барысында Боранбай Жандос өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті, өзінің кәсіби сапарының кезеңдері мен стратегиялары, сонымен қатар мен құнды кеңестердің негізгі аспектілері туралы айтты. Лектор нақты жобалар тәжірибесіндегі проблемалық жағдайларға ерекше назар аударды. Ақпараттық қауіпсіздік үшін қолданылатын құрылғылармен таныстырды және оларға мысалдар келтірді.

Студенттер қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілері туралы сұрақтар қоя отырып, олардың болашақ кәсіби саласының ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік беретін түсініктемелер алды.



889