Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі сізді 13-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Urbanitarium Astana Сlub 2023 атты урбанистика клубының жабылуына шақырады (11 қараша күні сағат 11:00-де акт залында өтеді)

2023 ж. 9 қар., бс, 07:38

Достар!

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі сізді 13-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Urbanitarium Astana Сlub 2023 атты урбанистика клубының жабылуына шақырады (11 қараша күні сағат 11:00-де акт залында өтеді). 2023 жылдың шілдесінен қарашасына дейін Астананың 100-ден астам жасөспірімдері тегін білім беру бағдарламасына қатысты. Оқыту қала өмірі мен қала дамуының экологиялық аспектілерін зерттеуге бағытталған. Urbanitarium Astana Club қатысушылары қазақстандық сарапшылар мен практиктерден урбанистика және қалалық экология негіздері туралы теориялық және практикалық білім алды, көшпелі экскурсияларға барып, Кіші Талдыкөл көлінің ауданын зерттеді. Клубтың жабылуында жасөспірімдер өздерінің урбанистік зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады.


Urbanitarium Astana Club "Шеврон" компаниясымен және Urban Forum Kazakhstan компаниясымен серіктестікте Tabiğat Labs жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жоба қатысушылары-Fading TSE, YEMAA artist residence, Бас Ботаникалық бақ, Impact Hub Almaty. Жобаның серіктестері: Astana International University, Qazaq Geography және Makerspace Astana


1032