ЭЖМ АДАПТИВТІ ЭКОНОМИКА БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫ

2023 ж. 23 қаз., дс, 04:35

Қазіргі уақыттағы әлем қарқынды дамып келеді, бұл технологиялардағы, тұтынушылардың қалауы мен талғамындағы, бизнес-модельдердегі және т.б. өзгерістерге ықпал етеді. Компаниялар, тіпті экономиканың барлық салалары да бәсекеге қабілетті болып қана қоймай, белгісіз жағдайда өмір сүру үшін нарықтық орта жағдайларының әртүрлі өзгерістеріне тез бейімделуі керек. Бұл жағдайда, дәл айтқанда экономикалардың бейімделуі (адаптивтілігі) қоғамның әл-ауқатының негізгі шарты болып табылады. Өз баяндамасында э.ғ.д. Мейрам Қажыкен осы модельдің негізгі ережелерін ашып, компаниялардың, салалардың және жалпы экономиканың жағдайлардың өзгеруіне бейімделуінің негізгі факторларын анықтайды. Бірінші дөңгелек үстелдің нәтижесі бастамашыл топты анықтау, ҒЗЖ бастамашыл тақырыбын және үш жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру болады.


1039