ПРОГРАММАЛАУ БОЙЫНША ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2023 ж. 6 сәу., бс, 05:30

Құрметті студенттер!


Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебі  1-2-3 курс студенттерін Программалау бойынша пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады. 

Олимпиада мақсаты: талантты және дарынды білім алушыларды анықтап, қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу; білім алушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; білім алушылар мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; ғылыми іс-әрекетке қызығушылығын дамыту.

Олимпиада оффлайн форматта өткізіледі. Олимпиадаға қатысушылар сілтеме бойынша 2023 жылдың 8 сәуіріне дейін тіркелу керек.

https://forms.gle/jb8KVnwosjFMToVe9  (программалау)

Олимпиада тілдері: қазақша және орысша.

Өту уақыты және орны: 

11.04.2023 ж., сағ. 9:00, Астана қ., Қабанбай батыр 8, 2 ғимарат,  5 қабат, 509 ауд. 

Тапсырма – жалпы программалау (компьютерлік желі, программалау, схема сызу) бойынша есептер шығару. Әр қатысушыға 4 есеп беріледі. Есептерді шығаруға 1,5 сағат бөлінеді. 

Қорытындылау және марапаттау: 11.04.2023 ж., сағ. 12:00



Байланыс үшін ақпарат:

Калдарова Мира Жорабековна

+7(701)4256895



2108