2022 жылғы 6 қазанда сағат 11.00-де (Астана қ. уақыты
бойынша) мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас
ұлт. Табысты қоғам» экономиканы әртараптандыру, нақты секторды дамыту және
кәсіпкерлікті жүйелі қолдау жөніндегі міндеттер контекстінде Экономика жоғары
мектебінің базасында «Қазіргі жағдайдағы индустриялық саясат: проблемалар мен
шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.
Мақсаты - шақырылған сарапшылармен индустриялық
саясаттың негізгі тақырыптарын талқылау және қазіргі жағдайда Қазақстан
Республикасының ұлттық өнеркәсіптік саясатын іске асыру бойынша ұсынымдар
әзірлеу.
Өтетін орны: Экспо, Мәңгілік Ел к-сі, 55/13, корпус С
2.1, 3 қабат, конференц зал.