Маркетинг апталығы: «2025 жыл трендтері» дәрісіне шақырамыз!

2024 ж. 14 қаз., дс, 09:37

Құрметті студенттер!

Сіздерді 22 қазан күні сағат 13:00-де Ақын Сара көшесі 11 мекенжайында өтетін «2025 жылғы маркетинг трендтері» тақырыбындағы қонақ дәрісіне шақырамыз.

Дәрісті Жұлдыз Құрымбаева өткізеді — 5 жылдық тәжірибесі бар маркетолог, «Sparklo Kazakhstan» жобасының маркетинг бөлімі басшысы, «KURUMBAYEVA» маркетинг агенттігінің негізін қалаушы және иесі. Оның командасында 10 адам жұмыс істейді және ол кешенді маркетингтік шешімдермен айналысады.

Маркетингтің болашағындағы ең өзекті трендтерді білу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!


245