2022 жылдың 28 қарашасында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен Астана халықаралық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2022 ж. 22 жел., бс, 10:56

2022 жылдың 28 қарашасында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен Астана халықаралық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Әріптес университеттер келесі бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуді ұйғарып отыр:

• профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру;

• бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;

• серіктес университетте PhD докторанттарына ғылыми жетекшілік жасау үшін жетекші ғалымдарды тарту;

• бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

• зерттеулер жүргізу үшін екі тараптың ғылыми орталықтар мен ғылыми зертханаларын бірлесіп қолдану;

• ғылыми семинарлар, конференциялар және вебинарларды бірлесіп ұйымдастыру;

• ғылыми ақпарат пен біліммен бөлісу.

Қазір серіктес университеттер эколог және биолог студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауда!


1691