13 желтоқсан 2022 жылы Елорданың Достық үйінде Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған этносаралық келісім тақырыбындағы студенттік ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

2022 ж. 19 жел., дс, 05:37

13 желтоқсан 2022 жылы Елорданың Достық үйінде Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған этносаралық келісім тақырыбындағы студенттік ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. Бұған Елордалық оқу орындарының ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы кафедра меңгерушілері, магистранттар мен докторанттар, студенттер, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Байқау Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми әлеуетін тарту арқылы этносаралық келісімді, этносаяси және этноәлеуметтік жағдайды жетілдіру, студенттер арасында этносаралық келісімді және Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайту мақсатында өткізілді.

Жалпы байқауға 21 ғылыми жұмыс келіп түсті. Комиссияның шешімімен келесі студенттер сертификаттармен марапатталды: 

2 орын - 200 000 теңге сертификаты – Астана Халықаралық университетінің тарих (ғылыми) бағытында оқитын 3 курс студенті Ұланқызы Қаламқасқа берілді. Ғылыми жетекшісі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің доценті  т.ғ.к., доцент Өскембаев Қ.С.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



1691