2022 жылдың 17 ақпанында Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебі докторанттарға, магистранттарға және университеттің оқытушыларына "Ғалымның жарияланым стратегиясы" тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында IMRAD ғылыми мақаласы құрылымының моделі, жарияланымның мақсаты мен міндеттері, ғылыми басылымдар сапасының критерийлері, жарияланым процесі, басылымды бағалау және таңдау, қайда және қалай тегін жариялануға болатыны қарастырылды. Sciencedirect, Scopus, Scival мәліметтер базасы – бұл ресурстар қалай көмектеседі, жариялау мерзімі, эксперименттік мақаланың құрылымы, шолу. Неліктен мақалалар қабылданбайды, Scimago Journal & Country Rank (SJR) индекстеуді қалай тексеруге болады, сонымен қатар басылым мысалдары және олардың құрбаны болмау жолдары көрсетілді.
PhD, Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің доценті Мадина Аралбайқызы Самбетбаеваның баяндамасының мазмұны қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және жарияланым процесі, басылымды бағалау және таңдау, ғылыми басылымдар сапасының критерийлері және Scopus және Web of Science платформасында журналды таңдаудың ең жақсы тәсілдері туралы көбірек білуге деген ынтасын тудырды.
1882