2022 жылдың 12 желтоқсанында сағат 15.00-де Астана халықаралық университетінде биология ғылымдарының кандидаты, PhD , Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Жабағин Мақсат Қизатұлының «Қазақтардың рулық құрылымы генетика призмасында» тақырыбында қонақтық дәрісі өтті.

2022 ж. 12 жел., дс, 11:56

2022 жылдың 12 желтоқсанында сағат 15.00-де Астана халықаралық университетінде биология ғылымдарының кандидаты, PhD , Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Жабағин Мақсат Қизатұлының «Қазақтардың рулық құрылымы генетика призмасында» тақырыбында қонақтық дәрісі өтті. Дәріске биология мен экология мамандығының студенттері  белсенді қатысты. Айта кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында Ұлттық биотехнология орталығымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Орталықтың тәжірибелі ғалымдары білім беру қызметімен ғана айналысып қоймай, университетімізбен бірлескен ғылыми жобаны жүзеге асыруда да жұмыс атқарады.


1410