"Green Tal" ЖШС мен Жоғары Экономика мектебі арасында жасалған меморандум аясында 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Астана Халықаралық университетінде Social Innovation Laboratory жұмыс істейді. Зертхананың мақсаты университет студенттерін әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға тарту болып табылады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында студенттермен әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбына қызығушылық мәселесі бойынша ұйымдастыру кездесуі, зертхана басшысы С. Т. Окутаева мен Green Tal даму жөніндегі директор Д. С. Кабдыкешеваның "Өрелі ұрпақ" әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің әлеуметтік жобалар конкурсына қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысуы сияқты іс-шаралар өткізілді, Американің Alumni Grants бағдарламасы бойынша "Әлеуметтік инновациялар зертханасы" жобасына конкурсқа өтінім берілді, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің негізін қалаушы Эмин Аскеровпен және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әлеуметтік кәсіпкер, "BioPack.kz" компанияның қалаушымен Мирас Аббасовпен қонақ дәрістер, экономика жоғары мектебінің 1 курс студенттеріне арналған әлеуметтік жобалар тақырыбында интерактивтар өткізілді. Жұмыстардың ғылыми блогы бойынша ҚР БҒМ МФ "Халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру әдістемесін әзірлеу және сынақтан өткізу", ЖРН AP19676100 тақырыбына грантқа өтінім берілді, "Astana International University" журналында "Development of social entrepreneurship in Kazakhstan" тақырыбында С.Т. Окутаева мен Д. С. Кабдыкешеваның ғылыми мақаласы жарияланды.