2022 жылдың 6-7 желтоқсан аралығында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценттері Сейтқан А.С. және Нұрғалиева Д.А. Melytec компаниясы ұйымдастырған микроскопия, спектрлік талдау және механикалық сынақтар бойынша практикалық семинарға қатысты.
Семинарда рентген дифрактометрлер және микрорентген-флуоресцентті спектрометрлер, оптикалық эмиссиялық спектрометрлер, ИҚ-Фурье және Раман спектрометрлері сияқты материалдарды химиялық және құрылымдық талдау саласындағы жаңа жабдықтар мен әдістер көрсетілді. Xenemetrix, Optosky, Emco-Test, Thermo Fisher Scientific, Trojan, Struers және басқа да бірқатар халықаралық компаниялардың жабдықтары ұсынылды.
Семинарда демонстрациялық және практикалық жұмыс үшін барлық құрал-жабдықтар 2 күн бойы қол жетімді болды. Демо-залдағы аспаптарда элементтік талдау саласындағы және беттік қабаттардың механикалық қасиеттерін анықтауға арналған кешенді нновациялық шешімдер көрсетілді.
Семинардың үлкен практикалық маңыздылығын атап өткен жөн. Ұйымдастырушылар мен университет басшылығына химиялық талдау саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.