Қуанышты
хабар! Педагогикалық институты Астана Халықаралық университеті «6В01707-Қазақ
тілі және әдебиеті», «6B01708-Қазақ тілі және әдебиеті», «6B01702-Орыс тілі
және әдебиеті», «6B01601-Тарих», «6В01603-Тарих және қоғамтану» білім беру
бағдарламалары бойынша Астана қаласындағы КГУ «№101 орта мектебі» филиалын
ашты.
Филиалдың
ашылуы біздің университетіміздің студенттеріне дуальді білім алу мүмкіндігін,
сондай-ақ кәсіби (педагогикалық, психолого-педагогикалық және дипломға дейінгі)
практикадан өтуге және түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Бірінші
желтоқсан айының басында бағыт жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Резуанова Галиябану Кабиевна №101 орта мектебінің ұжымымен кездесу
өткізіп, филиалдың мақсаты мен міндеттерін таныстырып, алдағы бірлескен
іс-шаралар тізімімен таныстырды. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс
тілі мен әдебиеті, тарих және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдеріне арналған
семинар өткізді. Резуанова Г.К. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу бойынша баяндама
жасады.
Семинардан
кейін мектеп мұғалімдері өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша консультациялар
алды. Осы күні сондай-ақ мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмысы
жүргізіліп, Астана Халықаралық университеті даярлайтын мамандықтар туралы
ақпарат ұсынылды.
Филиалдың
ашылуы білім беру процесін жақсарту және университет пен мектеп арасында берік
байланыстар орнату бағытында маңызды қадам болып табылады, бұл педагогикалық
әлеуетті дамыту мен білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.