2024 жылғы 10 желтоқсанда
AIU-да «Физика-24» тобының студенттері үшін «Тербелістер мен толқындар»
тақырыбында конференция сабағы өтті. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Касенова Лейла Ғалымбекқызының
жетекшілігімен өткен шара ғылым, тәжірибелік эксперименттер және шығармашылық
идеялар әлеміне қызықты саяхатқа айналды.
Конференцияның мақсаты –
механикалық тербелістер мен толқындарды тереңірек зерттеу, сондай-ақ
студенттердің практикалық дағдылары мен шығармашылық жобаларын көрсету болды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің жобаларын ұсынды:
- Sudoku және Quizizz тест сияқты
интерактивті ойындар.
- Математикалық және серіппелі
маятниктар арқылы еркін түсу үдеуі мен серіппе қатаңдығын анықтау
тәжірибелері.
- Phet симуляторын пайдалана отырып,
виртуалды тәжірибелер көрсету (математикалық маятник, интерференция
құбылыстары).
- Python бағдарламасы көмегімен функция
графигін құру.
- Сейсмограф моделін жасау және
музыкалық ноталардың толқын ұзындығын есептеу.
- Димаш Құдайбергеннің Stranger
әні мысалында дыбыстық толқындарды модельдеу және әншінің вокалдық
дауыстарын зерттеу.
- Аудиоредактор арқылы дыбыстық
толқындардың әртүрлі ортадағы имитациясы.
- Дыбыстық жиіліктердің адамның
денсаулығына оң әсерін көрсету.
- Дыбысты визуализациялау бойынша
эксперименттер.
- Күнделікті өмірден алынған тербеліс
эксперименттері.
- «Тербелістер мен толқындар патшалығы»
атты ертегі әлеміне саяхат.
Конференция американдық
ұлы физик Никола Тесланың шабыттандыратын дәйексөзімен аяқталды:
"If you want to find the secrets of the universe, think in terms of
energy, frequency and vibration"
(«Егер сіз ғаламның құпияларын тапқыңыз келсе, энергия, жиілік және діріл
тұрғысынан ойланыңыз»).
Бұл конференция сабағы студенттерді оқытудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар ғылым мен шығармашылықтың тамаша үйлесімінің айқын мысалы болды.