ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ: «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» ІС ЖҮЗІНДЕ

2024 ж. 12 жел., бс, 07:25

2024 жылдың 6 желтоқсанында AIU мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық аясында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» бағдарламасы студенттеріне арналған шеберлік сағаты өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің №82 «Айару» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Райхан Алтынхановна Аугалиева «Балабақшада “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында өткізді.

Шеберлік сағатының басты мақсаты – студенттерді балалардың ойын іс-әрекеті арқылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асырудың тәжірибелік қырларымен таныстыру болды. Қатысушылар тәрбие беру саласындағы озық әдіс-тәсілдермен танысып қана қоймай, педагог ұсынған іс-тәжірибелерге тікелей қатысуға мүмкіндік алды.

Шара барысында Райхан Алтынхановна өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, ойынның білім беру үдерісіндегі маңыздылығы туралы айтып, студенттердің сұрақтарына интерактивті форматта жауап берді. Студенттердің белсенділігі олардың алынған білімді болашақ кәсіби қызметінде қолдануға деген ынтасын көрсетті.

Осындай шеберлік сағаттары студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырып, мамандық таңдаудағы сенімдерін нығайтуға ықпал етеді.


498