Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күні қарсаңында Құқық жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 06 желтоқсан 2024 жылы «Тәуелсіз
Қазақстанның болашағы білімді жастар» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс шараның басты мақсаты -
жастардың білімін, патриоттық санасын және қоғамдық белсенділігін арттыру
арқылы елдің тәуелсіздігін нығайту және болашағын қамтамасыз етуге үлес қосу.
Дөңгелек үстел университеттің
5-корпус Кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне» арналған
көрмеден басталды, оны арнайы дайындап жастарға таныстырған қызметкері Альбатырова
Б.Ж.
Келесі сөз кезегінде, деканның
орынбасары Ж.Д. Сеилханов дөңгелек үстелдің ашылуын жариялап, Тәуелсіздік күні
жайында ой-пікірімен бөлісті.
Ары қарай "Құқықтану-24"
А-2 тобының белсенділері, кураторы С.Ғ. Кожахметованың басшылығымен келесі
тақырыптарда өз баяндамаларымен бөлісіп, презентация көрсетті:
1. Ерденұлы Ерасыл «Қазақстанның
тәуелсіздікке жету жолы және оның тарихи маңызы».
2. Аманбек Әлнұр, Амандыққызы
Фариза «Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық даму стратегиялары» (құқықтық
реформалар).
3. Абибулла Айым «Тәуелсіз
Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен рөлі».
4. Асыбаева Сабина «Болашаққа
бағдар: Тәуелсіз Қазақстанның даму перспективалары».
Сонымен, ҚЖМ профессорлық оқытушы
құрамы, декан орынбасары және ҚЖМ студенттері қатысқан дөңгелек үстел өз
мақсатына жетіп, барлық мәселелер жан-жақты қарастырылды.