AIU Педагогикалық институты командасының III Халықаралық химия олимпиадасындағы жетістігі

2024 ж. 5 жел., бс, 10:12

МУА Педагогикалық институтының «Химия, Биология, География» бағытының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нургалиева Дамен Аукиловна 2024 жылғы 25–30 қараша аралығында Түрікменстанның Ашхабад қаласында өткен жоғары оқу орындары студенттері арасындағы III Халықаралық химия олимпиадасының нәтижелері туралы өз әсерлерімен бөлісті.

– Студенттер арасындағы химия бойынша халықаралық жарыстар мектеп оқушыларының жарыстарымен салыстырғанда сирек өткізіледі. Бұл олимпиада – ұзақ уақыттан кейін алғаш рет офлайн форматта өткен үлкен интеллектуалдық шара. Біздің командамыздың осындай ауқымды шараға қатысуы маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Жеке есепте студенттеріміз үш медаль жеңіп алды: 1 күміс және 2 қола. Күміс медальді 1-курс студенті Қали Асанәлі Манарбекұлы, қола медальдарды 4-курс студенті Қаиров Нұрлан Мұрадұлы және 1-курс студенті Акрамов Асланбек Алтынбекұлы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиаданы Махтумқұлы атындағы Түрікмен мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Іс-шараға әлемнің 13 елінен 200-ден астам студент қатысты, олардың қатарында Ресей, Қытай, Иран, Беларусь, Өзбекстан, Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркия, Румыния, Жапония және Түрікменстан бар.

– Олимпиада екі күрделі теориялық турдан тұрды, әрқайсысы үш сағатқа созылды. Қатысушылар бейорганикалық, физикалық, органикалық және аналитикалық химия бойынша білімдерін көрсетуі тиіс болды. Ерекше мақтанышымыз – біздің студенттер химия саласы бойынша білім алушылардың А категориясында бақ сынап, әлемнің жетекші университеттерінің кейбір өкілдерін басып озғаны. Айта кететін жайт, біздің студенттер олимпиадаға қатысқан жалғыз педагогикалық бағыттағы команда болды.

Дамен Аукиловнаның айтуынша, олимпиадалық дәстүр негізінен Шығыс Еуропа мен Азия елдеріне тән, олар халықаралық жарыстарда үнемі жоғары нәтижелер көрсетеді. Қатысушылар қатарында келесі танымал университеттер болды: Қазан федералды университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, Махтумқұлы атындағы Түрікмен мемлекеттік университеті, сондай-ақ Қытай, Иран, Жапония және басқа елдердің жоғары оқу орындары.

– Олимпиадаға алғаш рет қатысқан 2-курс студенті Моисеенко Амадей Владимирович «Химияны оқыту әдістемесін жетілдіру және химиялық технологияларды заманауи дамыту» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мазмұнды баяндамасы үшін атап өтілді. Сондай-ақ, біздің студенттер конференцияның үш секциясында белсенді қатысқаны үшін жүлделі орындарға ие болды.

Дамен Аукиловна команда жетістігі олардың қажырлы еңбегінің және жоғары деңгейдегі дайындықтарының нәтижесі екенін атап өтті:
– Біздің студенттер – республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Қаиров Нұрлан – мектеп оқушылары арасындағы облыстық олимпиадалардың төрт мәрте күміс жүлдегері, студенттер арасындағы XV және XVI республикалық олимпиадалардың екі мәрте күміс жүлдегері. Қали Асанәлі – Халықаралық Менделеев олимпиадасын қоса алғанда, көптеген халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері. Акрамов Асланбек – әл-Бируни атындағы Халықаралық олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегері. Бұл жетістіктер – біздің университетіміздің мақтанышы.

Команда жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Ресей халықтар достығы университеті, Беларусь мемлекеттік университеті, Жапониядағы Сайтама университеті, Румынияның Плоешти мұнай-газ университеті, Иранның Мешхедтегі Фирдоуси университеті және басқа да беделді университеттердің өкілдерімен тең дәрежеде бәсекелесті.

– AIU президенті Серік Азтаевичке, бірінші вице-президенті Анар Базаровна, қаржы директоры Алмас Тынышбаевичке және Педагогикалық институттың директоры Жанна Қуанышевнаға олимпиадаға қатысуымызды ұйымдастырудағы қолдауы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, түрікмен тарапынан көрсетілген жоғары деңгейдегі ұйымдастыру мен қонақжайлылықты атап өткім келеді.

Сонымен қатар, студенттеріме төзімділігі, сабырлылығы, еңбекқорлығы мен табандылығы үшін алғыс айтқым келеді – мұның бәрі бүгінгі жетістігіміздің негізгі себептері болды. Бұл жетістік алдағы үлкен белестерге бастау болады деп сенемін. Баршаңызға бақыт, өздеріңізге деген сенімділік және сәттілік тілеймін!

Құрметпен, МУА доценті, бағыт жетекшісі Нұрғалиева Д.А.


483