24 қарашада AIU студенттері мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасына барды

2022 ж. 30 қар., ср, 04:19

24 қарашада Астана халықаралық университетінің студенттері мен қызметкерлері белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлерімен, көрнекті ғалымдармен және белгілі сарапшылармен кездесулер топтамасы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болды. профессор, Халықаралық зияткерлік даму институтының (IMEI) директоры - JO GYU YUN * мырзамен кездесу ұйымдастырылды.

(*JO GYU YUN – IMEI білім беру комитетінің басшысы, құрметті профессор, білім беру саласының құрметті докторы)

Джо Кю Ён мырза барлық қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырып, ақыл-ой тәрбиесі тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Дәріскер өз елінің өткеніне экскурсия жасап, қатысушыларды нақты мысалдар бойынша Оңтүстік Кореяның табыс тарихымен таныстырды.

Жиналғандардың барлығы JO GYU YUN мырзаның кәсіби деңгейін жоғары бағалап, алдағы уақытта да осындай кездесулер болатынына сенім білдірді.


982