Астана
Халықаралық университетінің педагогикалық
институтының «6В01503-Химия» білім беру бағдарламасының студенттері жоғары
оқу орындарының студенттері арасындағы III Халықаралық химия олимпиадасында
жоғары кәсіби дайындық деңгейін және алға қойылған мақсаттарға жетуге деген
ұмтылысын көрсетіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Жоғары оқу орындарының студенттері
арасындағы III Халықаралық химия олимпиадасына
қатысу нәтижесінде команда үш медаль жеңіп алып, шеберлік пен кәсіби
құзыреттіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, студенттеріміз
олимпиада аясында ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияның үш секциясына белсенді қатысып, жүлделі орындармен
марапатталған жалғыз қатысушылар болды.
Ерекше
мақтанышпен атап өтетін жайт – біздің командамыз ғылыми химия өкілдерімен тең
дәрежеде өнер көрсеткен педагогикалық бағыттағы жалғыз команда болып,
сондай-ақ 13 елден келген қатысушылар арасында Қазақстанның жалғыз өкілі
болды.
Команда
жетекшісі Нұрғалиева Дамен Ауқилқызына студенттерге қолдау көрсеткені үшін,
сондай-ақ қатысушыларға – 4-курс студенті Қайыров Нұрлан Мұрадұлына, 1-курс
студенттері Қали Асанәлі Манарбекұлына және Акрамов Асланбек Алтынбекұлына,
2-курс студенті Моисеенко Амадей Владимировичке еңбектері, табандылықтары
және университетімізді халықаралық аренада лайықты деңгейде танытқаны үшін
алғысымызды білдіреміз.
Жеңістеріңізбен
және сәтті өнер көрсетулеріңізбен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табыс пен
жаңа жетістіктер тілейміз!