"Шығармашылық ойлау және бизнес-идеяларды қалыптастыру" пәні аясында аға оқытушы Балтабаев Б.Ж. тұрақты дамудың маңызды тақырыбы - ТДМ 6: Таза су және санитария бойынша практикалық сабақтар өткізді. Сабақ өзекті мәселелердің инновациялық шешімдерін табуға арналған алаңға айналды.
Сабақ барысында студенттер судың сапасын бақылауға,
оны тұрмыстық жағдайда тұтынуды оңтайландыруға және санитария мен су ресурстары
туралы хабардарлықты арттыруға байланысты жағдайларды қарастырды. Ұсыныстардың
қатарында мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, суды талдаудың автоматты
жүйелерін құру, күнделікті өмірде суды тұтынуды азайту үшін "Ақылды"
технологияларды енгізу, сондай-ақ интерактивті модульдерді, дәрістер мен
тесттерді қамтитын білім беру платформасын әзірлеу идеялары болды..
Тәжірибелік сабақ шығармашылық ойлаудың жаһандық
мәселелерді шешудің қуатты құралы екенін көрсетті. Қатысушылар экологиялық
тәсілдің негіздерін үйреніп қана қоймай, сонымен қатар осы шешімдерді
күнделікті өмірге енгізудің маңыздылығын терең түсінетіндіктерін көрсетті.
Үздік идеялар алдағы бизнес-идеялар байқауында ұсынылады. Бұл тәжірибе
студенттерге тұрақты дамуға қол жеткізудегі және өмір сүру сапасын жақсартудағы
рөлін жүзеге асыруға көмектеседі.