Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы
университетімен ынтымақтастық аясында 2024 жылғы 22 және 25 қарашада жоғары
Экономика мектебінде әлеуметтік ғылымдар және бұқаралық коммуникациялар
факультетінің, бұқаралық коммуникациялар және медиа
бизнес кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Марина
Леонидовна Галастың онлайн режимінде қонақтық дәрістері өтті.
Галас Марина Леонидовна – Ресей Федерациясы Үкіметі
жанындағы Қаржы университетінің көші-қон және демографиялық процестер жөніндегі
ғылыми-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Ресей заң ғылымдары академиясының
мүшесі.
Қонақ дәрістер 6В04122 «Халықаралық бизнес» білім беру
бағдарламасының студенттеріне арналды. Студенттер «Саясат пен бизнестегі
брендтердің ынтымақтастығы» және «Экономикалық халықаралық көші-қон» сияқты
тақырыптар бойынша көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.