💜 25 қарашада Астанада «Гендерлік
зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» жаһандық науқанының басталуына
орайластырылған кейс бойынша қала чемпионаты өтті. Университетіміздің
жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері Жұмахан Ару, Қайрат Әмір,
Ерназаров Нұрбол, Мунбаева Сабина, Еспембет Бекзат, Байменова Іңкәр қатысты. Жетекшілері - аға оқытушы Қарабалаева
Айман және декан Сейткан Айнур.
📚 Чемпионатта студенттер БҰҰ әзірлеген
тақырыптар бойынша шығармашылық шешімдер ұсынып, гендерлік зорлық-зомбылық
мәселесін шешу жолдарын талқылады. Қатысушылар осы маңызды әлеуметтік мәселені
шешудің практикалық тәсілдері мен инновациялық идеяларын ұсына отырып, сыни
ойлау және зерттеу дағдыларын көрсетті.
🌍 Студенттеріміздің осындай құрмет пен
теңдік қоғамын құруға қажетті маңызды шараға қатысқанын мақтан тұтамыз. Мұндай
іс-шаралар жастардың өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласуына
және қоғамдағы өзгерістерге ықпал етуге мүмкіндік береді. 🌱
#гендерлікзорлық
#16күндікбелсенділік #кейсчемпионаты #жастар #қоғам #инновация
#маңыздымәселелер #АстанаХалықаралықУниверситеті