2024 жылдың 11-15 қараша аралығында Экономика жоғары мектебінде қаржы саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған түрлі шаралар өтті. Барлық экономикалық білім беру бағдарламаларының студенттері үшін ұйымдастырылған дөңгелек үстелдер мен қонақ дәрістер барысында сарапшылар мен студенттер қаржы әлеміндегі жаңалықтар мен трендтерді талқылады.
Сонымен қатар, қаржы саласындағы қызығушылықты арттыру мақсатында викторина ұйымдастырылып, үздік қабырға газетіне арналған конкурс өткізілді. Бұл шаралар студенттерді қаржылық қызметтердің әртүрлі аспектілері туралы көбірек білуге ынталандырды.
Қаржы апталығының соңында қорытынды жасалып, барлық жеңімпаздар марапатталды.