2024 жылдың 20 қарашасында №11 мектеп-лицейінде Халықаралық Астана университетінің Педагогикалық институтының оқытушылары Ж.М. Култанова, А.Д. Канапьянова, 2-курстың магистранттары Н. Абилкерим және Ж. Жумагалиева ұйымдастырған «Ағылшын тілі мұғалімі – болашақтың мұғалімі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті, бұл шара мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында өткізілді.
Іс-шараға №1, 2, 3, 4, 7, 11, 26, 31, 35, 40, 56, 58, 60, 61, 65, 67, 80 мектептердің түлектері қатысты. Лекцияның мақсаты – оқушылардың болашақ мамандықты таңдау туралы түсініктерін кеңейту және таңдау жасарда олардың ынтасын арттыру.
Дәріс барысында оқытушылар ағылшын тілін оқытудың қазіргі әлемдегі маңызы, инновациялық оқыту әдістемелері мен мұғалімнің коммуникативтік дағдыларды дамытудағы рөлі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, болашақ мамандықты таңдау кезінде әсер ететін факторлар, сондай-ақ дұрыс мамандықты таңдау үшін қажетті әдіс-тәсілдер қарастырылды.
Шара барысында мектеп түлектері Халықаралық Астана университетіне қабылдау ережелерімен танысып, Педагогикалық институттың басқа да мамандықтары туралы толық ақпарат алды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.
Осындай шаралар оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, болашақтағы білім мен карьера мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыруға көмектеседі.