2024 жылдың 19 қарашасында Астана қаласындағы №92 мектеп-лицейде «Ядролық медицинаның физикалық принциптері» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті Astana International University педагогикалық институтының қауымдастырылған профессоры, PhD Нуркенов Серік Амангелдинұлы жүргізді.
Іс-шараға қаланың 10–11 сынып оқушылары қатысты. Олар ядролық медицинаның заманауи жетістіктерімен және оның денсаулық сақтау жүйесіндегі маңыздылығымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Лектор осы инновациялық саланың физикалық негіздері туралы айтып, оның денсаулық сақтау саласындағы рөліне ерекше тоқталды.
Дәріс оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Шара интерактивті форматта өтті: қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, ядролық технологияларды медицинада қолданудың болашағын талқылады. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі көтеріңкі көңіл-күй мен мазмұнды пікірталас туғызды.
Осындай іс-шаралар жастар арасында ғылымды танымал етуге және болашақ талапкерлерге физика мен медицинаның білімдерін адам өмірін жақсарту үшін қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектеседі.