Мотивация және өзін-өзі тәрбиелеу мақсатқа жетудің маңызды шарттары болып табылады

2022 ж. 29 қар., сс, 12:27

2022 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің құрметті профессоры Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарының жоғары мектебімізде қонақтық лекциямен болды.

Дәрістің негізгі мақсаты «Мотивация және өзін-өзі тәрбиелеу – мақсатқа жетудің маңызды шарттары» тақырыбында болды. Профессор мамандықтың теориясы мен практикалық тәжірибе арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды екендігіне тоқталды. Ал кәсіби білімнің кез келген саласының нағыз сауатты маманы болу үшін үнемі білім алып,жетіліп, тер төгу керектігі туралы айтты.

Кездесуге әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарының жоғары мектебінің халықаралық қатынастар, аударма және аударма ісі мамандығы бойынша студенттері мен оқытушылары қатысты. Еңбек өтілі мол Нұрлан Байұзақұлы халықаралық қатынастар, мемлекеттік және дипломатиялық қызмет саласындағы жинаған тәжірибесімен бөлісіті.


1020