Тәуелсіздік күні қарсаңында және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласының тұжырымдамасы аясында Астана Халықаралық университетінің Жоғары өнер және гуманитарлық ғылымдар мектебінің ұйымдастыруымен «Қазіргі заман тарихы: тарихтан тағылым» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл, AIU Халықаралық ынтымақтастық және студенттер ісі жөніндегі вице-президент Қайрат Амангелдинұлы Абдрахманов, AIU профессоры М.Л. Анафинова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры С.Ж. Дүйсен, университет ғалымдары, оқытушылары және 1-4 курс студенттері қатысты.
Семинарда тарих ғылымына жаңаша методологиялық көзқарастар талқыланды. Профессор Е.А. Әбіл ұлттық тарих тұжырымдамасы бойынша тың идеяларын ұсынса, профессор М.Л. Анафинова пәнаралық байланыстарды қолдану тәсілдері туралы инновациялық әдістерімен бөлісті. Спикерлердің баяндамалары дискуссиялық талқылауларға ұласып, қатысушылар тарих ғылымының даму перспективалары туралы ойларымен бөлісті.
Университет студенттері Қазақстан тарихының кезеңделуі мәселелері, Ұлық Ұлыстың саяси тарихы және Тәуелсіздіктің ел үшін маңыздылығы жайлы өздерінің зерттеулерін ортаға салды.
Семинар қорытындысында ғалымдар білім мен ғылымды терең меңгеруде жауапкершілік пен еңбекқорлықтың маңызын атап өтті. Олар сондай-ақ заманауи технологияларды қолдану мен инновациялық ойлауды дамытудың қажеттілігіне назар аударып, өз ғылыми тұжырымдарымен бөлісті.