2024
жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Астана халықаралық
университеті Құқық жоғары мектебінің профессоры – Исидор Шамилович
Борчашвилиді 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Исидор
Шамилович – еліміздің заң ғылымы мен заңнамасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан
құқық қорғау органдарының және Әділет министрлігінің ардагері. Оның көп жылғы
еңбегі мен мамандығына деген адалдығы оны кейінгі буын заңгерлер
мен ғалымдарға үлгі
етті.
Әділет
министрі мен министрлік ұжымы профессор И.Ш. Борчашвилиге ерен еңбегі үшін
алғысын білдірді.