Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды.⠀

2022 ж. 29 қар., сс, 09:04

Енді ғылым мен тіл саясаты саласындағы барлық шешім осы жерде талқыланады. Кеңес құрамына парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді.⠀

Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, ведомствоның алдағы жоспарларына тоқталды.⠀

"Жаңадан құрылған министрліктің алдына мемлекет басшысы үлкен міндеттер қойып отыр. Ғылым мен жоғары білім саласына қатысты барлық шешімді өздеріңіздің талқылауларыңызға ұсынамыз. Себебі қоғамдық кеңестің жұмысы арнайы заңмен айқындалған. Құзыреті де жоғары. Жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескеріп, бізге қолдау көрсетеді деп сенеміз", – деді министр.⠀

Ғылым және жоғары білім саласында, сондай-ақ қоғамдық кеңес жұмысын жүргізуде тәжірбиесі мол қоғам қайраткері, Астана халықаралық университетінің президенті Серік Ырсалиев қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.⠀


1754