Достар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді.
Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:
Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
✔️ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
✔️жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
✔️мүгедектігі бар азаматтар;
✔️мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
✔️2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
✔️2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
✔️төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.
Құжаттарды жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.
МАҢЫЗДЫ: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.