Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауына сәйкес, ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Бақытнұр Шуақ, 26 қарашада №59 мектеп-лицейінде өткізілген марапаттау рәсімінде І дәрежелі дипломмен, төсбелгімен және оның куәлігімен марапатталды.
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер
академиясы» ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2022» атты талантты студенттердің кітап-жинағының шығарылымына ғылым, өнер, спорт саласында және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жетістікке жеткен студенттерден қабылданады. Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады.