«Ұрпақ – Ұлт Болашағы»: Республика күніне арналған кездесу

2024 ж. 24 қаз., бс, 07:03

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Біз әділ Қазақстанды құруға кірістік. Бұл жоғары мақсатқа барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады, өйткені мемлекеттің басты тірегі және ең үлкен байлығы – азаматтар», – деп атап өткен болатын.   

«Республика күніне» орай 23 қазанда Астана халықаралық университетінің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі «Ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында ер балаларға арналған тәрбиелік іс-шара өткізді. Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай ер балалар тәрбиесінің  маңыздылығы жайында аңгіме өрбітті. 

Астана қалалық ІІД ювеналды полиция басқармасының өкілі полиция майоры Әсем Қожахметова жасөспірімдер арасындағы қылмыстар және оларды алдын алу туралы ақпарат берді.  Кездесу соңында «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қазақ психологиялық қоғамының мүшесі  Марат Көшкінбаев студенттерге мақсат қою және ішкі кедергілерді жеңуге бағытталған тренинг жүргізді.

Мерекелік іс-шараны декан Айнұр Сейтқан қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.


548