🌟 Астана халықаралық университетінде физика бағыты бойынша ғылыми семинар өтті. Семинардың басты мақсаты физиканың теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырып, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерге қатысуын ынталандыру.
👩🏫 Жиынға профессор-оқытушылар құрамы, Астана халықаралық университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранттары мен студенттері және қала мектептерінен (№2 Ғ.Қайырбеков атындағы лицей, №95 мектеп) физика пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
📊 Ғылыми семинар барысында өзекті тақырыптар қозғалып, бірнеше баяндамалар тыңдалды. «Физика» білім беру бағдарламасының жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор С.А. Нуркенов физиканың қазіргі ғылымдағы рөлі мен оның қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, болашақта салынатын АЭС саласына кадрлар даярлау мәселесін көтерді.
📚 Баяндамашылар мен тақырыптар:
• 2 - курс магистранты А.М. Бейсеков: Python - әр түрлі газдардың молекулаларының және олардың таралуының ықтималдық тығыздығын бейнелеу және анықтау құралы.
• 4 – курс студенті И.С. Кадыр: Шредингер теңдеуі және Matlab арқылы ψ (х) функцияcының көрнекілігі.
• 4 – курс студенті Р.Б. Бейбітов: Кванттық динамикада гармоникалық осцилляторды айырмашылықтар әдісімен зерттеу.
• 11 сынып оқушысы В. Дорофеева: 18F - FDG негізінде РФП қолдану арқылы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға арналған ядролық медицина.
• PhD, қауымдастырылған профессор С. А. Нуркенов Fe – Be2+δ негізіндегі термиялық тұрақты нано жабындарды әзірлеу және құру.
🔬 Қатысушылар физиканың түрлі салаларындағы теориялық концепциялардың практикалық қолданысы, эксперименттік әдістер және заманауи технологиялар туралы пікір алмасты.
🚀 Физиканың теориялық және практикалық аспектілерін талқылау жас ғалымдардың ғылыми көкжиегін кеңейтіп, салаға деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Барлық қатысушыларға әсіресе техника ғылымдарының докторы, профессор Жақатаев Тоқсан Айыпқанұлына, №95 мектеп физика пәнінің мұғалімі Бисимбаева Жібек Балташевнаға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!