Қайырымдылық жәрмеңкесі - балалар үйіне!

2024 ж. 21 қаз., дс, 06:22

11 қазанда Астана халықаралық  университеті Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі "Рекреациялық география және туризм" мамандығының студенттері балалар үйіне барып қайтты. Студенттер балаларға тәттілер мен сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау туралы келісім-шарт негізінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 3 балаға 150000 теңге «Отбасы» банк депозитіне аударылды. Бұл балалардың болашақта баспана алуына көмек болады. Қиын өмірлі жағдайға тап болған балаларға болашаққа деген сенім сыйлау – қоғамның, яіни әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Қолдау көрсету, жылы сөз айту арқылы олардың өміріне оң өзгерістер әкелуге болады. 

Балалар үйіндегі әрбір бала бақытты өмір сүруге лайық!


681