Астана халықаралық университетінің (AIU), Өнер және гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің “Тарих және археология”, “Халықаралық қатынастар”, “Аударма ісі” және “Психология” білім беру бағдарламалары бойынша білім алып отырған студенттері ағымдағы жылдың 15 қазанында өз білімдерін “АЛЖИР” мемориалдық кешеніндегі тың деректермен толықтырып, ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғалар тізбегімен жақынырақ таныстырылды.
”АЛЖИР”
кешенінің деректік қоры посткеңестік мемлекеттердің архив қорларынан, баспасөз
материалдарынан, КАРЛАГ, АЛЖИР т.б. Сталиндік лагерь тұтқындарының
естеліктерінен, хаттарынан, документальды кинохроникалардан тұрады. Сонымен
бірге заттай материалдық жәдігерлерге өте бай. Сақтау қорларындағы құжаттар өз
алдына. Тарихшылардың, зерттеушілердің айтуынша мұнда 18 мыңнан астам тұтқындар
жазасын өтегені белгілі. Осы күнде 8 мыңының есімі тасқа қашалып жазылған,
алдағы уақытта жастардың үлесімен бұл есімдердің саны артатынына біз
сенімдіміз.
АЛЖИР
мемориалдық кешенінде 62 ұлттың өкілдері жазықсыз жазасын өтеген. Осының ішінде
бүгінде 87 қазақ ұлтының өкілі анықталғаны айтылады. Гертруда Платайс 1910 жылы
Силезия қаласында дүниеге келген, неміс ұлтының өкілі “Қазақ құрты” атты өлең
жолдарымен Қазақ халқына деген шынайы құрметін өлеңмен жеткізген.
АЛЖИР
бұл Кеңестік жүйенің қатыгез саясатының дәлелі. Мұнда мыңдаған адамдардың көз
жасы, тағдыры, қиылған өмірі жатыр. Біздің міндетіміз өткен тарихымыздан сабақ
алу, болашақ ұрпаққа сауатты жеткізу, тарихта қайталануына жол бермеу…
Осы
жерде айта кетуіміз керек 2007 жылы осы музейдің ашылуына қатысқан,
экспонанттар жинауда өз қол ұшын созған, ұйымдастыру комитетінің құрамында
болған университетіміздің профессоры Өскембаев Қанат Садуақасұлының Алаш
қайраткері Әлімхан Ермековтың ұлы
Мағауия Әлімханұлынан алынған заттарымен арнайы таныстық. Ғалымның күнделікті
өмірде және өзінің мамандығына сәйкес заттары түпнұсқада қалпында қойылған
екен.