Ағымдағы
жылдың 13 қазанында өткен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына
орай ұйымдастырылған спартакиадада Астана Халықаралық Университеті
студенттерінен жасақталған команда Астана қаласының 12 ЖОО арасында
жалпыкомандалық жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Жалпы есепте жүлделі 1-орынды Дене
шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, 3-орынды Л.Н. Гумилов атындағы
Еуразия Ұлттық Унриверситеті иеленді. Жарысқа Астана Халықаралық
Университетінен 26 спортшы қатысты. Спартакиада қол күресі, гір көтеру, асық
ату, бес асық, арқан тарту спорт түрлерінен ұйымдастырылды.
Спартакиадада
қол күресінен:
-
70 кг салмақ дәрежесінде 3 орын алған “Экология және
табиғатты пайдалану” мамандығының 3 курс студенті Қанафин Мұхаммедалиді;
-
75 кг салмақ дәрежесінде 2 орын алған “Экология және
табиғатты пайдалану” мамандығының 3 курс студенті Көпжасар Аррафиді;
-
75 кг салмақ дәрежесінде 3 орын алған “Есептеу техникасы
және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының 2 курс студенті Нұржанұлы Нұрполатты;
-
90+ кг салмақ
дәрежесінде 3 орын алған “География” мамандығының 1 курс студенті Мейірім
Бахтиярды;
Гір
көтеруден:
-
68 кг салмақ дәрежесінде 2 орын алған “Тарих”
мамандығының 1 курс студенті Ислямов Жақсылықты;
-
95 кг салмақ дәрежесінде 2 орын алған “Юриспруденция”
мамандығының 1 курс студенті Рахманов Арман;
Арқан
тартудан:
-
2-орын алған команда мүшелері Рахманов Арман, Мейірім
Бахтиярды, Кабаков Нұрдәулетті, Тұрсын Раминаны, Мұрат Нұриланы
және спартакиадаға үлес қосқан барлық студенттерді
жеңістерімен құттықтаймыз! Оқуда алда, үлгілі болып, спортта жоғары биіктерде
көріне берулеріне тілектеспіз!!!