Абайша айтқанда, еңбек сүйгіштік — адамгершілік қасиет, сол себепті адам болғысы келген жанның бәрі де адал еңбек істеулері керек. Тек еңбек қана адамды адам етеді, материалдық молшылық жасайды, рухани қайрат береді. Ұлы Абай былай дейді: «Егер еңбек етпесең — онда сен телмірумен өтесің, қарыныңды да, көңіліңді де жұбата алмайсың. Тек еңбек қана саған абырой мен құрмет әпереді. Еңбекте кірлі жұмыс жоқ, несімен болса да бой тартпа». Бұл сөздер еңбектің адамның өміріндегі маңыздылығын еске салады.
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде еліміз әлемнің 100-ден астам елінде атап өтілетін және әлемдік трендке айналған Еңбек күнін атап өтті!
🌍 Осы атаулы күнге орай 2024 жылғы 27 қыркүйекте Астана Халықаралық университеті (AIU) Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD Қарабалаева Айман Бейсембайқызы 2 курс студенттерімен «Менің жетістігім — менің нәтижем» тақырыбында қызықты пікірсайыс өткізді.
🌱 Пікірсайыс барысында өзін-өзі тәрбиелеу, мотивация, мақсат қою, қиындықтарды жеңу және жеке, кәсіби жетістіктерге жетудегі еңбектің рөлі сияқты маңызды тақырыптар көтерілді. Студенттер күнделікті еңбек мінез-құлықты қалай қалыптастыратынын, дағдыларды дамытатынын және алға қойған мақсаттарға жетуге көмектесетінін талқылады.
💬 Бұл күн еңбек мерекесі ғана емес, болашақ жетістіктерге ынталандыру көзіне айналды. Студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және жаңа жетістіктерге жету жолында одан әрі табыстар тілейміз!
#ЕңбекКүні #AIU #Еңбек2024 #Жетістік
879