Құрметті
әріптестер!
Бүгін
еліміз Жоғары білім қызметкерлері
күнін алғаш рет атап өтуде! Бұл атаулы күн еліміздің білім беру саласының
қарқынды дамуына ерекше ықпал етпек.
Қымбатты профессорлар
мен оқытушылар! Сіздерді осы маңызды
мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің
күнделікті жұмыстарыңыз
тек білім беру ғана емес,
біздің қоғамның болашағы үшін берік негіз құру. Сіздердің еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында жастар
еліміздің дамуына белсенді қатысушы бола отырып, өз әлеуетін ашуға мүмкіндік
алады.
Астана
халықаралық университеті бүгінде ел ішінде белсенді дамып қана қоймай,
халықаралық аренадағы білім мен ғылымның маңызды орталығына айналуда. Біздің жоғарғы оқу орны ғылым
мен инновацияларды дамытуға ықпал ететін жоғары білікті мамандарды даярлауда
маңызды рөл атқарады. Университетімізде
460-тан астам білікті оқытушылар қызмет
атқарады және біз олармен мақтанамыз!
Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап
өткендей: «Педагогтердің
міндеті — еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу. Лайықты азамат - бұл біздің Отанымыздың
игілігі үшін пайдаланылатын қажетті білімі бар адам». Осы ретте, осындай лайықты
азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіргім
келеді. Өз
еліне қызмет етуге және қоғамымызға оң өзгерістер енгізуге дайын жас ұрпақты
тәрбиелеудегі қызметтеріңіз үшін
рахмет.
Сіздерге сарқылмас шабыт, жаңа
жетістіктер, мықты денсаулық пен
отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еңбектеріңіз жана берсін!
Құрметпен,
Astana International University Президенті
Ирсалиев Серик Азтаевич