Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінде (Ресей) «Орыс
тілі мен орыс халық мәдениеті мектебі» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында
іс-шаралар өтті. Бұл жоба орыс тілі мен әдебиетін өз елдерінде оқытып,
зерттеуді мақсат еткен зерттеушілер мен оқытушыларды қолдауға және біріктіруге
бағытталған. Жобаға Өзбекстан, Қазақстан, Беларусь және Қырғызстаннан келген
орыс тілі оқытушылары қатысты.
Жобаның білім беру бөлігінде «Қазіргі педагогикалық технологиялар
контекстіндегі орыс тілі мен мәдениеті» курстары өткізілді, олардың соңында
қатысушыларға мемлекеттік үлгідегі біліктілікті арттыру туралы куәліктер
берілді. Бағдарлама аясында сараптамалық және іскерлік кездесулер, аймақтың
мәдени нысандарына саяхаттар, сондай-ақ Ресейдің ең ірі этнофестивальдерінің
бірі – «Атмановские кулачки – 2024» фестиваліне қатысу жоспарланды. Бұл
фестивальдегі дәстүрлі ойындар Ресей халықтарының материалдық емес мәдени
мұрасының алтын қорына кіреді.
Іс-шара барысында «Халықаралық кеңістіктегі орыс тілі: маңыздылығы мен
даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Россотрудничество,
Ресейдің Сыртқы істер министрлігі өкілдері, РУДН, А.С. Пушкин атындағы орыс
тілі институты, Державин университеті және Астана халықаралық университетінің
сарапшылары қатысты. Астана халықаралық университетінің оқытушысы Разия
Ибрагимқызы Нарманова «Қазақстандағы орыс тілі: болу немесе болмау» атты
баяндамасымен сөз сөйлеп, Қазақстандағы орыс тілін зерттеу жағдайы мен оның
даму перспективаларын талқылады.