Ынтымақтастықтың жаңа перспективалары: Венесуэла елшісінің біздің университетке сапары

2024 ж. 25 қыр., ср, 07:24

2024 жылғы 23 қыркүйекте Астана Халықаралық университетіне (AIU) Қазақстан Республикасындағы Венесуэла Боливария Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Rosalba Lo Bue Antico ханым келді.

Кездесу барысында білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық, логистика саласындағы «Бір белдеу – бір жол» жобасы, AIU-да Венесуэланың мәдени бұрышын ашу, сондай-ақ Елші ханымның AIU-дағы дәрістер өткізуінің әлеуетті мүмкіндіктері талқыланды. AIU Президенті Елшіге университет жетістіктерімен таныстырып, студенттер мен оқытушылар үшін шетелдік серіктестер мен білім беру мүмкіндіктері туралы айтып берді. Өз кезегінде Елші ханым екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларымен бөлісіп, Венесуэланың Орталық университетін академиялық алмасудың әлеуетті серіктесі ретінде атап өтті.

Талқылаудың негізгі аспектілерінің бірі студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам мен ғалымдар алмасу бағдарламалары шеңберінде ынтымақтастық мүмкіндігі болды. Елші ханым AIU студенттеріне Венесуэла елшілігінде тікелей білім беру практикасынан өту мүмкіндігін ұсынды, бұл олардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер ашады.

Қатысушылар серіктестік қатынастарды жолға қоюға қызығушылық білдіріп, оларды іске асыру жолындағы алғашқы қадамдарды талқылап, бірлескен бастамаларды табысты іске асыру үшін одан әрі келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.


418