Франциядағы академиялық ұтқырлық: AIU студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер

2024 ж. 25 қыр., ср, 07:18

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Астана Халықаралық университетінің (AIU) бас ғимаратында Paris Nanterre университетінің профессоры Жан-Роберт Равиомен кездесу өтті. Ресей мен посткеңестік елдерді зерттеу жөніндегі маман, профессор Равио Франция университеттерінде академиялық ұтқырлық пен білім беру мүмкіндіктері туралы талқылау үшін университетімізде қонақ болды.

Іс-шараға профессордың сөзін қызығушылықпен тыңдаған болашақ халықаралық қатынас және аудармашы студенттер мен оқытушылар қатысты. Жан-Роберт Равио өзінің университеті туралы ақпаратпен бөлісіп, халықаралық студенттерге қолжетімді негізгі оқу бағыттары мен бағдарламаларын атап өтті. Академиялық ұтқырлық пен алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында студенттер қабылдау процесі, шетелде оқу ерекшеліктері және Францияда тұру шарттары туралы белсенді сұрақтар қойды. Профессор барлық сұрақтарға ықыласпен жауап беріп, халықаралық бағдарламалар бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлағандар үшін маңызды әрі пайдалы ұсыныстар берді.

Кездесу студенттерге шетелде оқу ерекшеліктері туралы көбірек білуге және жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының бірімен академиялық байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік болды.


348