2024 жылдың 13 қыркүйегінде Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі «6В05101 Биология» БББ 1 курс студенттері үшін Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығының (АСБК) өкілдерімен кездесу ұйымдастырды

2024 ж. 20 қыр., жм, 06:40

2024 жылдың 13 қыркүйегінде Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі «6В05101 Биология» БББ 1 курс студенттері үшін Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығының (АСБК) өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Қауымдастықтың үйлестірушісі Еңлік Қайырсынова студенттерді қауымдастықтың қызметімен таныстырды. Қауымдастықтың ғылыми қызметкері және «Тарғақ» жобасының ұлттық үйлестірушісі Руслан Уразалиев Қазақстандағы құстарды зерттеу және сақтау жобалары туралы дәріс оқыды. Құстардың миграциясын зерттеу жобасы Құстарды қорғау бойынша Ұлыбританияның корольдік қоғамы тарапынан қаржыландырылады. Тарғақ – жойылып бара жатқан далалық құс. Әлемде бұл құстың бар болғаны 11 мыңнан астам дарасы ғана қалған, олардың 95%-дан астамы Қазақстанда ұя салады. Руслан Уразалиев түсіндіргендей, құстарға спутниктік датчиктер орнату мамандарға құстардың миграция жолдарын зерттеп, олардың тіршілігі үшін маңызды аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Құстарды қорғау бүкіл адамзат үшін маңызды міндет, өйткені олар экожүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Дәріс студенттердің қызығушылығын тудырды. Дәріскер университет кітапханасына «Қазақстан құстары» анықтама-нұсқаулығын сыйға тартты.


710