ҚОС ДИПЛОМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА

2024 ж. 24 қыр., сс, 06:37

Қазіргі уақытта UIBE университетінде (Бейжің, Қытай Халық Республикасы) «Халықаралық сауда және экономика» саласындағы қос дипломдық бағдарламаның студенттері білім алуда. Төртінші оқу жылында студенттер ағылшын және қытай тілдерінде пәндерді меңгереді. UIBE оқытушылары олардың қытай тілін жетік меңгергенін, жоғары дайындығын және AIU-да оқудың алғашқы 3 жылында алған білімдерінің тамаша деңгейін атап өтті. Студенттерімізге сессияның жеңіл өтуін және соңғы біліктілік жұмысын сәтті қорғауын тілейміз!


405