ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2022 ж. 7 қар., дс, 12:10

Астана Халықаралық университеті мен Жоғары өнер және дизайн мектебі ұжымы ұлағатты ұстаз, профессор Оспанов Баймұрат Ермағамбетұлын «Құрмет» орденінің иегері атануымен шын жүректен құттықтайды. 

Саналы ғұмырының 55 жылын өнер саласында кәсіби мамандар даярлауға арнаған Баймұрат Ермағамбетұлы ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Оспанов Б.Е. 1979 жылы ҚазПИ-дің Көркемсурет-графика факультетін үздік бітіреді. 1987 - 1990 жылдары Мәскеудегі Ленин атындагы  мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасында оқып, ойдағыдай Бейнелеу өнерін оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша кандидаттық қорғайды. 

Бүгіндері педагогика ғылымдарының кандидаты, Өнертану доценті, Абай атындағы ҚазПҰУ профессоры, Ханшань педагогикалық университет (ҚХР) профессоры, Омбы қолданбалы қолөнер институтының профессоры (РФ), Астана халықаралық университетінің профессоры, Суретшілер одағының және Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі.

Құрметті Баймұрат Ермағамбетұлы! 

Сізге шын жүректен денсаулық, сәттілік, амандық және Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.


1260