ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН КЕЛГЕН СЕРІКТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ: "WOOSONG: ИДЕЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР"

2022 ж. 2 қар., ср, 10:54

2022 жылғы 27 қазанда Астана Халықаралық университетінде, Экономика жоғары мектебінің (ЭКСПО корпусы) базасында Оңтүстік Корея ЖОО өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Шетелдік делегация құрамында Woosong университетінің халықаралық мектептерінің деканы – Ю Тэк Ли мырза, SolBridge Халықаралық бизнес мектебінің деканы-Жошуа Парк мырза және SolBridge Халықаралық бизнес мектебінің профессоры – Нұрмахаммад Юсупов мырза болды. WOOSONG білім беру қорының өкілдері Оңтүстік Кореядағы білім беру жүйесі, онлайн оқыту мүмкіндіктері, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, біліктілікті арттыру және ғылыми конференциялар туралы айтып берді. Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өзара іс-қимылдың одан арғы жолдары айқындалды.


1135